Түркістан облысының полицейлері иісшіл иттің көмегімен шекарадан марихуана алып өтпек болған жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Қапланбек» шекара бақылау бекетінен хабарлама түскен.
Түнгі сағат 23:00 шамасында «Ротар» атты иісшіл ит Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп, белгі берген.
Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылып, айғақ ретінде полицейлер сараптамаға жіберген. Нәтижесінде 3 гр-ға жуық «марихуана» екені белгілі болды.
Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті азамат Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.