• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Мамыр, 2021

Таиландта Украина елшісінің мәйіті табылды

238 рет
көрсетілді

Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Associated Press басылымының мәліметінше, 45 жастағы Андрей Бешту шамамен таңғы сағат 06.30-да қонақүйдегі бөлмесінен өлі табылған. Ал елшінің ұлы оның жағдайы жақсы болғанын айтады. Таңертең дипломат оянған кезде улану симптомдары байқалған, артынша есінен танып қалған.

Таиланд полициясы ер адамның денесінде зорлық белгілері болмағанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, украиналық елші жүрегі ұстап, қайтыс болуы мүмкін.

Дипломаттың денесі жергілікті ауруханаға жеткізілген, содан кейін өлім себебін анықтау үшін Бангкоктегі полиция госпиталіне жеткізілген.