• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2021

Заңсыз айналымнан 328 қару тәркіленді

742 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі 17 мамырдан бастап республика аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іс-шараның мақсаты – қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция органдары заңсыз айналымнан 328 бірліктен астам атыс қаруын тәркіледі. Оның ішінде 212 дана тегіс ұңғылы қару, 38 дана газды қару, 9 қолдан жасалған қару, 27 дана травматикалық қару, 18 электрлік қару алынды.

Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ҚР ҚК 287-бабы бойынша 134 материал тіркелді.

Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 195 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 994 заңды тұлға тексерілді. Оның ішінде 72 қару-жарақ саудасы бойынша мамандандырылған дүкен, 9782 фермерлік және шаруа қожалықтары және 84490 азаматтық қару иелері тексерілді.

Тексеру нәтижесінде 3196 тәртіп бұзушылық анықталды. Оның 2404-ті қаруды сақтау және алып жүру ережелері бұзса, 792-сі қаруды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.