• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Мамыр, 2021

Өскеменде саябақ өртенді

370 рет
көрсетілді

Өскемен қаласындағы саябақта терек мамығы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Сол жағалау саябағының аумағында шөп тұтанған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 22 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы саябақ аумағында 300 шаршы метрге және одан тыс 2,2 гектарға жеткен. Оттың шығу себебі – терек мамығының жануы», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрттің шығуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» нөміріне қоңырау шалу қажет.