Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Атырауға отандық вакцинаның 1 мың дозасы жеткізілді.
«Атырау қаласындағы №1 және №2 емхананың әрқайсысына 300 дозадан беріледі. Ал, 400 дозаны Теңіз кен орнына мердігер мекемелердің жұмысшыларын вакцинациялау үшін жеткізу көзделіп отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұған дейін жеткізілген «QazVac» вакцинасының 1 мың дозасы толық салынған.