• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2021

Ashyq вокзалдарға орнатылуы мүмкін

309 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы темір жол вокзалдары Ashyq жобасына қосылуға ынталы болып отыр. Таяуда облыстық кәсіпкерлер палатасында еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 22 мамырда жариялаған №22 қаулысы талқыланған. Осы жиынға қатысқан темір жол вокзалдарының өкілдері Ashyq туралы ашық мәселе көтерді.

Қостанай, Железорудный, Құс­мұрын, Аманқарағай, Қой­бағар, Тобыл, Лисаков темір жол бекеттері вокзал шаруа­шылық­та­рының атынан сөй­леген Гүлнар Райымбекова:

– Қостанай облысында жолаушылар тоқтаусыз ағылып жатқан, келімді-кетімді адам­ға жиі толып кететін вок­зал­­­дар көп. Бізде жолау­шы­лар­дың денсаулығын тап басып анық­тай алатын мүм­кіндік жоқ. Сондықтан жан-жақ­тан ағы­лып жатқан адамдар жол тоқайластыратын темір жол вокзалдары Ashyq жобасына ең алдымен қатысуы тиіс деп ойлаймыз. Алайда бас санитарлық дәрігердің соң­ғы қаулысында темір жол вок­залдары туралы еш­теңе айтыл­маған. Қазір не істе­рімізді білмей отырмыз, – деді.

Облыстық кәсіпкерлер пала­­тасының директоры Мұрат Әбеновтің сөзінше, дәл қазір Ashyq жобасына қаты­судың екі-ақ жолы бар екен.

– Егер сіздер Ashyqqа да­йын болсаңыздар, біз өз тарапымыздан жобаны енгізуге және алгоритмін түзуге көмек бере аламыз. Бұл жобаға ерік­ті түрде қатысқысы келде­тін­дер­ге қатысты. Ал Ashyqqа Үкі­мет жанынан жұмыс іс­теп жат­қан салааралық комис­сия­ның келісі­мімен қатысу жөніне келетін бол­сақ, онда сіздер Ashyqty Қос­танай об­лы­сындағы темір жол вок­зал­дарына қанатқақты жоба ретінде енгізу туралы ұсы­ныс бере аласыздар, – деді М.Әбенов.

Темір жол вокзалдарының өкіл­дері бұл мәселені жиын аяқ­тала салысымен, дәлі­рек айт­сақ, 25 мамырда рес­пуб­лика дең­гейінде көтерді. Мұны «Атамекен» ҰКП төраға­сының орынбасары Юлия Якупбаева да атап өтті. Оның айтуынша, Ashyq жо­басына қосылмас бұрын темір жол вокзалдарын­да алдын ала дайындық жұ­мыстары жүргізілуі тиіс екен. Осыған бай­ланысты бұл мә­се­­ле сәл кейінге шегеріліп, ін­детке қар­сы күрес жөніндегі сала­аралық комис­сияның таяу күндері өтетін оты­рысында қаралатын болып шешілді.

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­­тасының мәліметінше, бү­гін­гі таңда өңірде Ashyq жо­ба­­сына 232 кәсіпорын қаты­сып жатыр.

– Қазір жобаға қатыс­қы­сы келе­тіндердің жалпы ті­­зімі жаса­лып жатыр. Ын­та біл­­­дірушілерден күн сайын­ өті­німдер келіп түсу­де. Ashyq мобильді қосымша­сына қа­тысты сауалы бар кәсіп­кер­лердің 8 7142 394208 және 8 777 268 47 08 нөміріне хабар­ласуына бо­лады. Біз мәсе­ленің бәрін түсін­діріп, көмек­тесеміз, – деді облыс­тық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Генадий Кукоба.

Ал аймақ басшысы Ар­химед Мұхамбетов облыс­тық жедел штаб отырысында өңір кәсіп­керлерінің Ashyq жоба­сының мәні мен пайдасын әлі де дұрыс түсінбей отырғанын ескертіп, облыс тұрғындарын індетке қарсы ортақ жобаға белсенді атсалысуға үндеді. Сонымен қатар қалалар мен аудандар әкімдеріне осы ба­ғыттағы жұмысты күшейтіп, жобаның жүзеге асырылуын бақы­лауға алуды, ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарын жүр­гізуді тапсырды.