Бомба туралы хаттар оқу орындарының электронды мекенжайларына келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 31 мамыр күні кешкілік, сағат 17:08-де Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түскен.
- Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мектептердің іргелес аумағы қоршалып, оқиға орнында жедел тергеу топтары жұмыс істеуде, - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.