Алтайдың төріндегі әйгілі Рахман қайнары санаторийі 1 маусымнан бастап өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұмса табиғатта орын тепкен санаторийдің жабылуына «Бипэк Авто – Азия Авто» компанияларының тоқтауы себеп болған. Санаторий әкімшілігінің мәлімдеуінше, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан «Нұр тау», «Порт Фортуна» сынды туристік жобалар да жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған.
Санаторий жабылғанымен мөлдіреп көл қалды. Жер астынан қайнап шыққан бұлағы және бар. Демек, компания жабылғанымен тұмса табиғатқа аңсары ауған ел азая қоймас.