Бангладеште құрып кету қаупі бар 70 бенгал жолбарысын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Елдің құқық қорғау органдары қолға түскен браконьердің «ықпалды бандалар» тобынан, әрі ірі ұйымдасқан қылмыстық ұйымның мүшесі екенін анықтады. Полицейлер, сондай-ақ 20 жылғы жуық браконьердің ізіне түскен.
Оның есімі Үндістан мен Бангладеште Хабиб Талукдер немесе «Жолбарыс Хабиб» деген лақап атымен баршаға мәлім.
Жергілікті аңшы Абдус Саламның айтуынша, ол орманда жалғыз өзі-ақ жолбарыстарды аулап, өлтіреді екен. Дәл осы аймақта ең үлкен Бенгал жолбарыстарының бірі өмір сүреді. Бүгінде жабайы табиғатта олардың бірнеше мыңа ғана қалған. Сондықтан орман қорғаушылары жабайы табиғатқа қауіп төндірудің соңы жақсылыққа апарпайтынын алға тартады.
Осы орайда полиция офицері Абдул Маннан құқық қорғау саласының өкілдері мен орман басқармасы ұзақ жылдар бойы браконьер Талукдерді ұстауға әрекет қылған. Алайда, ол көбінде құрған тұзақтан сытылып шыққан көрінеді. Дәл осы жолы оны полицейлер құрығына түсіріп, бірден темірторға қамады.
Бангладеш орман шаруашылығы департаментінің мәліметі бойынша, Бенгал жолбарыстарының саны 2004 жылы 440-қа жетсе, 2015 жылы 106-ға дейін төмендегін. Қазіргі жағдай тіпті нашар көрінеді.