• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Маусым, 2021

«Мемсараптама» РМК бас директоры тағайындалды

433 рет
көрсетілді

«Мемсараптама» РМК бас директоры болып Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуандық Жұмабекұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығын, сондай-ақ «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы инженер-электрик болып бастады. Кейін «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығында» инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың мамыр айынан бастап «Мемсараптама» РМК-да түрлі лауазымдарда еңбек етті. Соңғы уақытта «Мемсараптама» РМК бас директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.