«Суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда», деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17:30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған.
Алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен.
Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.