• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Маусым, 2021

Солтүстік өңірлерде күн салқындайды

523 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің болжауынша, алдағы күндері жаңбыр жауып ауа температурасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік циклонның өтуімен республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсуі және жел күшеюі мүмкін.

4 маусымнан бастап Скандинавия аудандарынан антициклонның енуімен республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады. Түнде ауа температурасы 2-7 градус, күндіз 10-20 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-22, күндіз 28-35 жылыға дейін төмендейді.