• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Маусым, 2021

CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы

245 рет
көрсетілді

Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде арнайы бортпен Алматыға CoronaVac вак цина сының алғашқы партиясы келді. Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған.

Қытайлық CoronaVac вак­ци­насының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 ко­ронавирус инфек­ция­­­­сына қарсы вакциналау үшін қол­­жетімді болатын төртінші пре­парат болады.

ҚХР-дан CoronaVac вак­ци­насын жеткізу туралы уағ­даластықтарды іске асыруы COVID-19 пандемиясына бір­ле­сіп қарсы тұруда қытайлық әріптестермен басталған сындарлы ынтымақтастықты сәтті жалғастырудың мысалы ретінде қарастырылады.

Денсаулық сақтау министр­лігі атап өткендей, келіп түс­кен вакцинаның партиясы қазақ­стандық және ресейлік қол­да бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункт­те­­рінде қолжетімді болады. CoronaVac вакцинасын Ден­сау­лық сақ­­тау министрлігі Қа­зақстан аума­ғын­да қол­да­ну­ға мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, Спутник V және Hayat Vax вакци­наларының тізбесін то­лық­тырады. Қазіргі уақытта CoronaVac препараты әлемнің көптеген елінде кеңінен қол­да­ны­лады.

ҚХР-да халықты вакциналау бойынша жалғасып жат­қан кең ауқымды науқанға қара­мастан, қытайлық тарап жан-жақты және стратегиялық әріп­тестік пен тату көршілік қарым-қатынастарды атап өтіп, Қазақстанға өзінің әзірленген вакцинасын жіберді.

CoronaVac вакцинасында SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құ­тыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакциналауды көздейді. Вакциналауға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.