«Әділбектің кандидатурасын Василий Левит ұсынған еді. Ниязымбетов осы міндетке лайық деген пікірге келгендіктен, қабыл алдық. Себебі, тәжірибесі де, жетістіктері де көп, сондай-ақ әріптестерінің арасында беделі де жоғары. Бұл жауапкершілікті Токио Олимпиадасына дейін лайықты атқаратынына сенімдімін Оның басты міндеті – қиын кезде командаға жігер беріп, ауызбіршілікті одан әрі нығайту», – деді Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, жаңарған бокс құрамасы 25 қаңтарға дейін Дүниежүзілік бокс академиясында жалпы физикалық дайындық жиынын өткізді. Жақын арада олар Венгрия мен Болгарияда өтетін дәстүрлі турнирге қатысады. Ал 6-20 ақпан күндері академияда АҚШ, Германия боксшыларымен бірге жаттығады.