• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Маусым, 2021

Ауғанстанда бомба қойылған көлік жарылды

170 рет
көрсетілді

Ауғанстанда Нангархар провинциясының орталығы Джалалабад қаласында бомба қойылған автокөлік жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиғадан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

«Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:10-да 4-полиция учаскесіндегі халық көп жүретін жолда, ұлттық барлаудың арнайы операциялары күштерінің колоннасы өтіп бара жатқан кезде болды», деді жергілікті үкіметтің өкілі Аттахулла Хогиани.

Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір топ өз мойнына алған жоқ.