• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2021

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жалғасуда

148 рет
көрсетілді

Түркістан облысында тауға шығып із-түзсіз жоғалған балаларды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір екеуін табуға құтқарушылар жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша қол сөмкелері табылған еді. Бірақ ол туристерге тиесілі ме, жоқ па қазір анықталуда. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, олар аман-есен болуы да мүмкін. Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамыр сағат 18:30-да келіп түскен. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.

Бұған дейін үш студент құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.