• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Түркістанда карантин кезінде концерт ұйымдастырғандар жазаланды

214 рет
көрсетілді

Түркістанда карантин кезінде өткен концерттің ұйымдастырушылары жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Концерттік шара қалада жаңа кинотеатрдың ашылуына орай ұйымдастырылып, оған 400-450 адам жиналған.

Карантин талаптарын бұзушыларды облыс орталығының тәртіп сақшылары анықтады. Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұқаралық шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан.