Қаржы министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумына қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерұлан Жамаубаев министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен ортақ жобалардың іске асырылып жатқанын алға тартып, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметін цифрландыру мәселесіне тоқталып өтті. «Біз үшін цифрландырудың негізгі мақсаттары – бұл көлеңкелі экономикамен күресті күшейту және бюджет түсімдерін барынша арттыру; салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету; адами факторларды шектеу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау», деді министр.