Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №19 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатта Қазақстанға Үдістаннан келген және соңғы 14 күн ішінде сонда болған адамдарды 14 күнге үйде оқшаулау керектігі айтылған.
«Үй карантиніне оқшаулау ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтаманың және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болғанына қарамастан жүргізіледі», деп жазылған Қаулыда.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен, теміржолмен, транзитпен, теңіз және өзен көлігімен, авткөлікпен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар тәртібіне де өзгеріс енгізілді. Келушілерді ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 күннен аспаған ПТР- анықтама болуы керек.
Тек алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтарға анықтама ұсыну талап етілмейді.