Қазақстанда өндірілген медициналық маскалар биылдан бастап экспортталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұны Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет өкілі мәлімдеді. Нұрлыбек Асылбектің айтуынша, індет өршіген уақытта елімізде бар-жоғы алты компания маска шығарумен айналысқан. Олардың өнімі ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан Қазақстан медициналық бетперделерді сырттан сатып алуға мәжбүр болған.
Қазір елімізде маска шығаратын компаниялар саны 50-ден асты. Олардың өнімі енді қоймаларда құр жатпас үшін өзге елдерге экспортқа шығару мәселесін қарастырып жатыр.