• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2021

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда

563 рет
көрсетілді

15 мамырдан 15 маусымға дейінгі аралықта «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қажетті құжаттармен қоса арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға беріледі.

Отбасы құндылығын дәріптеуді көздейтін ұлттық конкурс аясында еңбек пен спортта, шығармашылық пен зияткерлік салаларында, ғылым мен өнерде үлгі болар жетістіктері бар отбасылар кіл жүйрікте кім жүйріктіні анықтау үшін сайысқа түседі.

Барлық өңір бойынша үздік шыққан 17 отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/projects/details/2149?lang=kk