Германия 2010-2016 жылдары Еуроодақтағы ауаны ластау межесін бұзып келген. Еуропалық сот Еурокомиссияның шағымымен басталған іс бойынша осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Соттың мәлімдеуінше, аталған жылдары Германияның 26 аймағында азот диоксидін шығарудың жылдық мөлшері едәуір асырылып жіберген. Әсіресе Берлин, Штутгарт, Мюнхен, Кёльн, Дюссельдорф қалаларында ластану жоғары болған. Жағдай 2016 жылдан кейін ғана жақсарған. Бірақ сот жергілікті билік алдағы уақытта ауа сапасын сақтауға күш салмаса айыппұл салынатынын ескертті.
Айта кетейік, Еуроодақ 2008 жылы ауаны ластау межесін енгізіп, 2010 жылы оны бекіткен болатын.