«Е» есімді алаяқ әйел 2020 жылдан бері үй алып беремін деген желеумен Орал, Алматы, Атырау қаласының тұрғындарын алдап келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол арам ойын сыбайласымен бірге жүзеге асырған. Осылайша 23 адамды алдаған әйел 15 млн-нан астам ақша көлемінде залал келтірген. Оның тағы қанша адамды алдағаны тергеу барысында анықталатын болады.
Алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қазір ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.