Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Чон-Алай ауданының шекаралық ауылдарынан халықты эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев Ош облысының Чон-Алай ауданындағы жағдайды толық бақылауында ұстап отыр және жергілікті халықты эвакуациялау жұмыстарына өзі басшылық етуде», деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Министрлік ақпаратына сәйкес, сағат 19.30-дағы жағдай бойынша, Ош облысының Чон-Алай ауданына қарасты Кара-Мык, Жекенди, Кара-Тейит, Чулук және Шибе ауылдарынан тұрғындар Дароот-Коргон ауылындағы А.Сайит атындағы мектепке көшірілуде.
Сондай-ақ жергілікті халық А.Мырзақұлов атындағы орта мектепке, 44-политехникалық училищеге және Орталық мешітке орналастырылып жатыр. Эвакуацияға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аудандық бөлімшелері, Чон-Алай ауданының басшылығы және азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмылдырылды.
«Сонымен қатар ТЖМ гуманитарлық көмекті ұйымдастыруға кірісті. Эвакуация бойынша барлық іс-шара Төтенше жағдайлар министрі Б. Ажикеевтің жеке басшылық етуімен және жіті бақылауымен өткізілуде», деп жазады Кабар.