• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылданып жатыр

823 рет
көрсетілді

 

Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылданып жатыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастамашылық еткен бұл байқау осымен жетінші жыл өткізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылығын, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Байқауға өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.