• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2021

Шри-Ланкада толассыз жауын салдарынан 4 адам қаза тапты

242 рет
көрсетілді

Шри-Ланкада толасссыз жауған жаңбырдан су тасып, 4 адам қайтыс болды, тағы жетеуі жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы маңайдағы 5 мыңнан аса тұрғын баспанасын тастап бас сауғалап кеткен. Күріш алқабын да су алды. Тас жолдарды су шайып, қатынау қиындаған.

Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік тұрғындарға қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатқанын айтады.