Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақта Халықаралық Олимпиада күніне арналған дуатлоннан «Duathlon Olympic day» турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, NOMAD TriClub Iron Qazaqstan, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы, Ұлттық Олимпиада комитеті қолдай отырып, «Nur Otan» партиясымен бірлесе ұйымдастырған.
Әр қашықтықтың ұзындығы Халықаралық Олимпиада күнін атап өту датасымен (23.06.2021) байланысты:
Жүгіру – 6 км – Ботаникалық бақтың ішінде үлкен шеңберде 2 айналым;Вело – 23 км – Ботаникалық бақтың айналасында 5 айналым;Жүгіру – 2021 метр – Ботаникалық бақтың ішіндегі үлкен шеңберде 1 айналым деп белгіленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдергері:Ерлер арасында:1 орын - Дмитрий Адамович2 орын - Антон Чиканков3 орын - Қайрат Қоянбаев
Әйелдер арасында:1 орын - Айна Үсенова2 орын - Айнұр Құшарова3 орын - Гүлмира Әменова
Қатысушыларға мәреде естелік медальдар мен сертификаттар табысталып, жарыс жеңімпаздары демеушілер ұсынған арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Мұндай жарыстар адамға жігер береді. Спортпен шұғылданған адам ешқашан ауырмайды. Бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын. Сондай-ақ бүгінгі жарысты ұйымдастыруға көмектескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін», деп атап өтті қалалық триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов.