• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2021

Түрмедегі күйеуіне телефон бермек болған әйел ұсталды

333 рет
көрсетілді

ШҚО-да түрмедегі күйеуіне ұзақ мерзімге кездесуге келген әйелі ұялы телефонды сәлемдемеге жасырып, кіргізбек болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелді тексеру барысында түрмеге әкелген сәлемдемесінің арасынан екі дана ұялы телефон мен оған қосымша қуаттағыш құрал, құлаққап және SIM-карта табылып, тәркіленген.

Сотталғанның әйелі телефонды жеке заттарының арасына жасырып, қызметкерлерге өзімен бірге тыйым салған заттардың жоқ екенін айтқан. Алайда мекеме қызметкерлері тексеру кезінде мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір дерегінің алдын алды.

Қызметкерлерді алдап, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотталғанның әйелі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады және оған заңнамаға сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Аталған дерек ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті мекемесінің есеп және ақпарат кітабында тіркеліп, ҚР ҚК 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттар жиналуда.

«Ерекше тәртіптегі колонияларда ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар және бұрын бірнеше рет сотты болған қылмыскерлер жазасын өтеп жатыр. Мекеме тарапынан жасалатын ескертулерге қарамастан, сотталғандардың қамқор туыстары мен таныстары мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысуда. Біздің қызметкерлер осындай тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтпеуі үшін қырағылық танытып, өз қызметтерін мұқият атқарып, құқық бұзушылықтың алдын алуда», дейді мекеме бастығының орынбасары Болат Майзақов.