Бұл жайында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг қатысушыларына жолдаған бейне үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спикердің айтуынша, осылайша адамзат өмір сүру үшін қажетті азық-түліктен, судан және ресурстардан айырылуы мүмкін. Табиғи әлемнің тозуы қазірдің өзінде 3,2 миллиард адамның немесе әлем халқының 40%-ның әл-ауқатына әсер етуде. Бақытымызға орай, келтірілген залалды түзетуге уақыт бар. Сондықтан БҰҰ экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі онжылдықты бастайды.
«Бұл жаһандық түзету үкіметтерді, бизнес-секторды, азаматтық қоғамды және қарапайым азаматтарды жерді сауықтыруға бұрын-соңды болмаған күш-жігер жұмсау арқылы біріктіреді. Экожүйені қалпына келтіре отырып, біз тұрақты даму саласындағы барлық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін өзгерістерге қол жеткізе аламыз. Бұл монументалды міндет. Ормандарды қайта отырғызып, қорғауымыз керек, өзендер мен теңіздерді тазартып, қалаларды көгалдандыруымыз қажет. Бұл қадамдар планетаның ресурстарын қауіпсіздендіріп қана қоймай, 2030 жылға қарай миллиондаған жаңа жұмыс орынын құруға, жыл сайын 7 триллион доллардан астам кіріс алуға және кедейлік пен аштықты жоюға септігін тигізеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі онжылдығы – бұл әрекет етуге жаһандық үндеу», деп атап өтті халықаралық ұйымның басшысы.
Бұл іс-шараны өткізу саяси қолдауды, ғылыми зерттеулерді және қалпына келтіру жұмыстарын ауқымды түрде ұлғайту үшін қаржылық инвестициялар тартуды қажет етеді. Сондықтан әркім өз үлесін қоса алады.
«Ғылым бізге алдағы 10 жыл – климаттық апаттың алдын алудың, ластанудың таралуын және биологиялық түрлердің жойылуын тоқтатудың соңғы мүмкіндігі екенін ескертіп отыр», деп қорытындылады сөзі А. Гутерриш.