• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2021

Қызылордалық полицейлер 7 есірткі қылмысын ашты

268 рет
көрсетілді

«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы 8 күндегі көрсеткіш осындай болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, өңірдегі жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабуды көздеген шара аясында заңсыз айналымнан 3 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Полицейлер тек облыс орталығының өзінен үйлерінің ауласында құрамында есiрткi заттар бар өсімдіктер өсірген 6 тұрғынды әшкерледі. Айғақ заттар тәркіленді.

Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.