• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2021

«Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл қанша адам кәсіптік оқудан өтеді

476 рет
көрсетілді

Нәтижелі жұмыспен қамту және кісіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылы 200 адам кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қазір мына мамандықтар бойынша қатысушылар оқуға кірісті: Кондитер – 15, портной тігінші – 39, наубайшы – 8, аспаз – 22, электромонтёр – 5, кран машинисі – 4, электргаздәнекерлеуші – 4, слесарь-сантехник – 2, шаштараз – 13, кассир бақылаушы – 10, тәрбиеші – 8, тәрбиеші көмекшісі – 2, тігінші – 14 адам жаңа кәсіп үйреніп жатыр.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды келесі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға қабылдау жүргізеді. Олар: наубайшы – 1 , аспаз – 1, шаштараз – 3, Электромонтёр – 5, слесарь-сантехник – 3. Осы мамандықтар бойынша өтініш жазып, бағдарламаға қатысуға болады.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін материалдық көмек төленеді.Оқу мерзімі оқытылатын мамандыққа байланысты 2-3 ай аралығын құрайды.

«Биыл жаңа кәсіп меңгеру туралы шешім қабылдадым. Ол үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының қабылдауына келіп, «Кран машинисі» кәсіптік курсқа жолдама алдым. Оқуды аяқтағаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша «Invest City» ЖШС-ға жұмысқа тұрамын», - деді Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушының бірі Сапаргүл Оспанова.

Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламасына мүгедектігі бар азматтар да қатыса алады. Ринат Реймер 3-топ мүгедегі. Ол қазір кәсіптік оқуды ұйымдастыратын «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде» «наубайшы» мамандығы бойынша оқудан өтіп жатыр. Оқуын аяқтағаннан кейін «Балжидек» ЖШС-ға жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр».

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша қосымша ақпарта алу үшін: +7 775 753 43 91/ 8 (7172) -954424, 954416 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.