• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 08 Маусым, 2021

Сенат бюросының отырысы

245 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды, онда депутаттар 2021 жылғы 10 маусымға жоспарланған жалпы отырыстың күн тәртібін талқылады, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Алдағы отырыстың күн тәр­тібіне Парламент депутаттары бас­тамашылық еткен «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.

Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын ұйымдар білім беру бағдарламасын білім алушы­лар мен тәрбиеленушілердің же­ке даму ерекшеліктеріне және әлеует­ті мүмкіндіктеріне сәйкес бейім­деуі тиіс болады. Құжат сон­дай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала­ларды ерте анықтау және олар­ға ерте арнайы психологиялық-педа­гогикалық қолдау көрсету сала­сында мекемеаралық өзара іс-қи­мылды күшейтуге мүмкіндік береді. Сенаторлар сондай-ақ Пала­таның келесі отырысында Пар­ламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

Құжат халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, әлеуметтік проблемаларды шешуге кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын қолдауға және әлеуметтік кәсіпкерлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін нарықта ілгерілетуге бағытталған.

Сенат сонымен қатар Салық кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Рес­публикасының Кодексін қолда­нысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын және «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты ратификациялық заң жобаларының топтамасын қарауы тиіс.