Дүйсенбі, яғни 7 маусым күні Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев БАҚ өкілдері көптен күткен баспасөз брифингін өткізді. Түске дейін Ж.Бекшин Алматы қаласы 1 маусымда «сары аймаққа» көшкенімен, эпидемиялық ахуал күрделі десе, түстен кейін Н.Табынбаев жағдайдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.
ігер «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өту кезіндегі қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ «сары аймақтың» өлшемдері 1 (бірліктен) кем немесе оған тең R саны (жұқтыру көрсеткіші) мен жүзден кем немесе оған тең 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші болатынын түсіндірді. Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, оның ішінде R=0,7. Осы уақытқа дейін Алматыда жүргізілген шектеу шаралары індеттің бетін қайтарды. Оған қоса коронавирус індетін вакцина алу арқылы тоқтатуға болады. Ж.Бекшин атап өткендей, Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина салдыру қауіпті аймақтан басталды. Алдымен медицина қызметкерлері, учаскелік полиция, әкімдік қызметкерлері, коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтану орындары, сауда қызметкерлері екпе салдырды. «Бүгінге дейін 316 407 адам вакцина алды, бұл қала халқының 16%-ын құрайды, ауырып жазылған адамдар 5%, соның нәтижесінде 21%-дық ұжымдық иммунитет қалыптасты», дейді Ж.Бекшин. Жалпы,вакцинаны 60 жастан асқан 32 758 немесе 12%-дан астам адам салдырды. Сондай-ақ, ақпан айынан бастап жүзеге асқан Ashyq жүйесін енгізу мен мониторингтік топтардың шағын және орта бизнес нысандарын жүйелі бақылауы оң әсер еткенін атап өткен жөн. Ж.Бекшиннің мәліметінше, жоба басталғаннан бері Алматыда өз мәртебесін сканерлеу нәтижелері бойынша 1 235 тұрғынның «қызыл мәртебесі» расталды, 298 тұрғынның «сары мәртебесі» анықталды. Жобаның тағы бір артықшылығы – мобильді қосымшаның көмегімен үй карантинін бұзбай «қашықтан» тексеру мүмкіндігі бар. Осылайша, қосымша арқылы Алматыда 649 тұрғынның «қызыл мәртебесі», 144 тұрғынның «сары мәртебесі» расталған. Ashyq жобасы арқылы қазір Алматыда індетке шалдығу 6 есеге төмендеді. Мамыр айының алғашқы күндерінде тәулігіне 605-608 адамның індет жұқтырғаны анықталса, соңғы тәулікте, яғни 7 маусымда 143 жағдай тіркелді. Алматының бас санитары кәсіпкерлерді жоба талабына адал болуға, белгіленген шектеулерді сақтауға шақырды, өйткені жоба карантиндік жеңілдіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өйткені пандемия басталғалы бері Алматыда коронавирус жұқтырғандардың ресми саны 70 786 болса, оның ішінде 54 846 симптомдық белгілері бар және 15 940 симптомсыз, 1 809 анықталмаған пневмония тіркелді. Мәселен, мамыр айының ортасында ауруханаларға тәулігіне кемі 190-200 науқас түсетін болса, қазір бұл 80-90 адамға азайды. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты, эпидемиялық ахуалдың салыстырмалы түрде қолайлы ағымын сақтай отырып, ковид жұқтырған науқастарды қаланың арнайы ауруханаларына жатқызу жоспарланып отыр. Бұлар – И.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалдары, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ЖШМККА, қалалық фитизиопульмонология орталығының филиалы «Халық Арена», №1 қалалық перзентхана, қалалық кардиологиялық орталық, психикалық денсаулық орталығы, №1 қалалық клиникалық ауруханасы әдеттегі режімде жұмыс істеп жатыр.
Ал 14 маусымнан бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың ковидтік стационарларын, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесіндегі филиалын жабу жоспарланып отыр. Бұл стационарлар қалыпты жұмыс режіміне көшеді және барлық емханалар мен ауруханаларға дезинфекция жүргізіледі.
Статистика бойынша ковидтен қайтыс болған адамдардың 80%-дан астамы 60 жастан асқан үлкен кісілер.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев коронавирус инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының қалыпты жұмыс режіміне ауысқаны туралы баяндады.
Дәл осы күндері Алматының инфекциялық стационарларында 1 258 адам емделіп жатыр. Қалада барлығы 3 640 төсектік орын бар. Жедел медициналық көмекті шақыру үшін тәулігіне 1 850-1 930 қоңырау шалынады. Н.Табынбаевтың хабарлауынша, эпидемиялық ахуал тұрақтана түссе, ковидті науқастарды «Дегдар» қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасына, Саялы мен Теректі шағын аудандарындағы модульді стационарларға жатқызу жоспарланған.
АЛМАТЫ