• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

Екпе алғандарға ерекше көңіл бөлінеді

437 рет
көрсетілді

Коронавирус дейтұғын кеселден сақтанудың бірден бір жолы – вакцина. Дәрігерлер солай деседі. Әлемді жайлаған алапат аурудың алдын алу үшін Шығыс Қазақстанда 141 мыңнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды.

Өздерін Covid-19 ин­фекция­сынан қорғау үшін дәрігерлер, мұғалімдер, құ­қық қорғау сала­сының қыз­меткерлері алдын ала кезекке тұрып екпе алып жатыр. Әу бастағыдай екпеге үрке қарамайды. Қауіптің алдын алу үшін істеліп жатқан шара екенін түсінгендей тұрғындар. Ауыл тұрғындары да дендеген дерттен құтылудың бір жолы екпе деседі. Алтай ауданы, Сре­­дигорное орта мектебінің мұ­ғалімі Алена Сычук «ХХІ ғасыр обасынан» құтылудың бас­­қа құралдары жоқ деп барып екпе алған.

–  Әркімнің пікірі әртүрлі. Екпенің пайдасы болмаса зия­ны жоқ. Қай мемлекет өз елі­не жамандық жасайды?! Өз денсаулығым мен айналам үшін барып, вакцина алдым. Індет­тің емі шыққанына өте қуа­ныш­тымын. Бәрі бір кісідей ек­пе алса екен. Басты байлық – ден­сау­лық емес пе?! – дейді орта мек­теп мұғалімі.

Айта кетерлігі, Алтай ауда­­нын­да мұғалімдер вак­ци­наны алғашқылардың бірі болып алды. Өйткені олардың қызметі балалармен тығыз байланысты. Осы орайда аудандық білім бөлі­­мінің кәсіподағы мұға­лім­­дерге Алакөлде тыны­ғып қай­­туға 20-дан астам жолдама бөлді.

«Казцинк» ЖШС компа­ния­сының кәсіподағы өз тарапынан екпе алуға өз еркімен ниет білдірген және вакцинаның екін­ші ком­понентін алған қыз­­мет­кер­лерге сыйақы тағайын­­дады. Қызметкер аяқас­ты­ нау­қас­­танып, жұмысқа келе ал­­май қалса да жалақы толық төленеді. Сондай-ақ 50 пайыз­дық жеңіл­дікпен турис­тік база­ларға жолдамалар ұсы­нылады. Сондай-ақ екпе алған­дар үшін жаттығу залы тегін болады.

– «Казцинк» ЖШС ком­пания­сы­ның басшы­лы­ғы бірінші кезекте жұ­мыс­шы­лардың ден­сау­лығына алаң­дайды. Бәрі білікті мамандар. Сон­дықтан аталған кә­сіпорын­ның қызметкерлері екпе алуға белсенді қатысты. Жұ­­мысшыларға ыңғайлы болуы үшін мекеменің ішін­­­де егу пункті орналас­ты­рыл­ды, – дейді Алтай қа­ла­сының «Казцинк» ЖШС қыз­­меткерлері кәсіп­ода­ғы­­­ның төрайымы На­талья Гор­бачева.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында екпе егу жұмыс­тары қарқынды жүріп жатыр. Оның үстіне жаз маусымын­да демалыс орындарына ек­песі бар аза­маттарды ға­на кіргізбек. Қоғамдық орын­дар­да Ashyq жобасы да іске қо­сылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы