• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

5-қабаттан секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды

214 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында көпқабатты үйлердің 5-қабатынан секірмек болған қызды полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшыларын сол үйдің тұрғындары шақырған. Полицейлердің бірі үйдің балконына өрмелеп шығып, қызды ажалдан арашалап қалды.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода оқыс оқиғаның түн ішінде болғанын және көп қабатты үйдің ауласына жиналған тұрғындардың полиция қызметкеріне алғыс айтып жатқанын көруге болады.