• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2021

Үндістанда найзағайдан 20 адам қаза тапты

891 рет
көрсетілді

Дүйсенбі күні Үндістанның Батыс Бенгалия штатында найзағай соғып, кем дегенде 20 адам мерт болды, тағы үшеуі зардап шеккен, деп хабарлады Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сол күні Батыс Бенгалияда көптеген адам қаза тауып, зардап шеккен.

Муршидабад және Хугли округтерінде ауа райының қолайсыз жағдайы салдарынан тоғыз адам мерт болған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди адамдардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасы мүшелеріне ақшалай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.