• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

Өскеменде балконда асылып тұрған әйел құтқарылды

232 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконында асылып тұрған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Белгілі болғандай, бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласының 101 қызметіне үшінші қабаттың терезесінде әйелдің құлағалы тұрғаны туралы хабар түсті.

Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар келгенде ол кісі балконда асылып, күші сарқылуға жақын қалған. Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп қойған екен.

Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалады. 40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдемге тапсырды. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.