• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Маусым, 2021

Қазақстан мен Польша арасында әуе қатынасы қайта жанданады

523 рет
көрсетілді

Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы рейстерді 2021 жылғы 10 маусымынан бастап Польшаның «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы қайта жаңғыртып, аптасына 1 рейспен ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава бағытындағы алғашқы рейс 10 маусымда орындалады. Әрі қарай екі ел астаналары арасындағы рейстер аптаның дүйсенбі күндері B–737 әуе кемесімен орындалады.

Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 28 мамырда қабылдады.

Қазақстан мен Польша арасындағы рейстер санын ұлғайту туралы шешім эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.