Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Antikor-ға берген онлайн-сұхбаты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мұғалімдікті оқып, дипломын алған түлектер бірден мектепке жұмысқа тұра алмайды, олар міндетті түрде сертификаттаудан өтуі керек болады, яғни олар ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Тесттен тиісті балл алғандар сол нәтижемен жұмысқа тұрғысы келген мектепке барады, ол жерде тәжірибеден өтіп, сабақ жүргізе алатынын мектептегі комиссияға көрсетіп, өтсе ғана оған педагог деген дәреже беріледі, тек осыдан кейін мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі», деді Асхат Аймағамбетов.