• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

Қызын құтқармақ болған әйел суға батып кетті

175 рет
көрсетілді

Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының 43 жастағы тұрғыны қызын құтқармақшы болған кезде өзі суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жазатайым оқиға маусымның 8-інде сағат 13:00-де Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде орын алған.

«Өзен жағасында жүргенде қызы анасынан рұқсат сұрап, суға шомылмақшы болады. Алайда, судың ағысы қызды алып кетеді. Мұны көрген анасы қызын құтқаруға ұмтылған, бірақ қатты ағын салдарынан 43 жастағы әйелдің өзі суға батып кетті», делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал, жағадағы өсімдіктің бұтағына жармасқан он жасар қыз жанұшырып көмек сұраған. Оны естіген Отаутүскен ауылының 65 жастағы тұрғыны Павел Федоренко қызды құтқарып қалды.

«Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеді, олар кешкі сағат 19:30 шамасында әйелдің денесін тапты», деп толықтырды ведомстводан.