• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Маусым, 2021

Қ.Көшербаев: Жер аударылған этностарға қатысты тарихи әділеттілік орнайды

560 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы орайда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев елдегі қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясын айналып өтпейтінін тілге тиек етті.

«Тақырыптық жоспарлар мен әдіснама аясында арнайы екі кіші комиссия, 11 жұмыс тобы, 17 аймақтық комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бүгінде республика шеңберіндегі архивтерде зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Шетелдік әріптестерімізбен де бірлескен жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысуда. Өйткені, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау кезінде қазақ халқының жүздеген мың азаматы мен ардақтыларының адал аты ғана ақталып қоймайды. Сонымен қатар Қазақстанда жер аударылған 62 этнос өкілдеріне қатысты да тарихи әділеттілік орнайды», деді Мемлекеттік хатшы.