• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

Той үстінде оқ жаудырған азамат жазаланды

307 рет
көрсетілді

Алматы облысында тойда атыс ұйымдастырған ер адамға жаза тағайындалды. Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі оның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылы 27 мамырда «Айсұлтан» мейрамханасында болған іс-шара барысында азамат А. қоғамдық тәртіпті бұзып, RETAY PT-24 белгісі бар тапаншадан төрт рет оқ атқанын мойындады.

Сот қаралымында сенімді түрде қоғамдық тәртіпті бұзумен және қоғамға деген құрметсіздік танытқаны анықталды. Сарапшының қорытындысына сәйкес RTAID-170900970 сериялы зерттеуге ұсынылған RETA PT 24 тапаншасы атыс қаруы емес, атуға жарамды 9 калибрлі сигналдық тапанша екені анықталды», деді Талғар аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сотта А. жасаған ісіне өкініп, өзінің кінәсін толықтай мойындаған.

Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушы бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, қамқорлығында кішкентай баласы бар екенін ескерген.

Соттың 2021 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен А. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік кодекстің 434-бабының 1 қаулысы бойынша, 5 АЕК - 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сот шешімі әлі өз күшіне енген жоқ.

Жансая Мұратбек