• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

12 шетел азаматы елден шығарылды

2304 рет
көрсетілді

«Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізудің екі күні ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 198 шетелдік (ҚР ӘҚБтК 517-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының 114 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– 8 маусымда шетелдікті заңсыз еңбек күшіне тарту фактісі анықталды. Үржар ауданында Өзбекстан Республикасының бес азаматы үйдің құрылысына тиісті рұқсат алмай жұмыс істеген. Көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал шетелдіктер 3 күнге арнайы қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Аталған алдын алу шарасын өткізу үшін облыс бойынша 424 қызметкер жұмылдырылды.