• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Маусым, 2021

Майя Бекбаева ҚХА-ның ресми өкілі болды

2485 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясында ҚХА-ның ресми өкілі таайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдымен ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның ресми өкілін тағайындау не үшін қажет болғанын түсіндірді.

«Ассамблеяның бірыңғай ресми ұстанымы айтылуы қажет мәселелер жиі туындап жатады. Ассамблея құрамына ресми түрде кіру барлық өзекті және қоғамдық мәселелер бойынша ресми ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді», деді ол ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Аталмыш міндет ҚХА Журналистер клубының төрағасы Майя Бекбаевқа жүктелетін болды.

«Кәсіби журналист Майя Төлегенқызы БАҚ жұмысын, сондай-ақ этносаралық қатынастар тақырыбын жария етудің ерекшеліктерін жақсы біледі», деді Марат Әзілханов.