Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 8 маусым күні сағат 10.00-де Н. Назарбаев даңғылының бойында орын алған.
«Ласточка» автобус аялдамасының жанында «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 60 жастағы әйелді қағып кеткен», дейді департаменттегілер.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.