• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

Картоп бағасы қашан арзандайды?

765 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі қалада картоптың құны жақын арада төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта картоптың бағасы шарықтау шегіне жетті, ол жақын арада төмендейді.

«Жыл сайын, маусымаралық кезеңде былтырғы көкөністің көлемі мен сапасының төмендеуіне және биылғы өнімді жеткізуге байланысты картоптың қысқа мерзімді жетіспеушілігі байқалады. Алдағы 2 аптада Түркістан облысынан картоп жеткізіледі. Бұл бағаның төмендеуіне оң әсер етеді. Бір келі картоп 150 теңгеге дейін төмендейді», деп түсіндірді басқарма өкілі.

Алматы қаласы жылына шамамен 200 мың тонна картоп тұтынады. Мегаполиске картоп Павлодар, Алматы, Қарағанды және басқа облыстардан жеткізіледі.