• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Маусым, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

557 рет
көрсетілді

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қабылданған шешімдер және жаһандық жаңа сын-тегеуріндер кезінде Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты болуы халықтың бірлігіне, этносаралық келісім мен конфессияаралық татулыққа тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ел ішіндегі бейбітшілік пен тыныштық, халықаралық қауымдастық алдындағы жоғары бедел, инвесторлардың сенімі мен экономикалық өсім Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бірлік формуласының нәтижесі екенін айтты.

Сондықтан Ассамблея өз жұмысында біртұтас Қазақстан халқының ортақ құндылықтары мен мүдделерін қалыптастыруға басымдық беруі қажет.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеяның жұмысын институционалдық және инфрақұрылымдық тұрғыдан одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеңестің кеңейтілген отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Майя Бекбаева және Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы мақұлданды. Олардың құрамына қандастар мен жастардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің кейінгі толқын басшылары ұсынылды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі бекітілді. Аталған қызметті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚХА Журналистер клубының төрағасы М.Бекбаева атқарады.