• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Маусым, 2021

Экономика министрі елде іскерлік белсенділіктің өскенін айтты

392 рет
көрсетілді

Биылғы мамыр айында елдегі іскерлік белсенділіктің жақсаруы жалғасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қаңтар-мамыр айларында экономиканың қалпына келудегі өсу қарқыны 1,6%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор экономика өсімінің драйвері болып қала беруде. Қызмет көрсету секторының қарқынды өсуі байқалуда. Экономиканың өндіруші емес секторларында жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр. Жыл басынан бері кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсім 7,4%-ды құрады. Ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласындағы өсу 0,8%-ға дейін жеделдеді», деді министр.

Оның айтуынша, экономика салалары арасында ақпарат пен байланыс, құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, сауда, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы жоғары өсімді көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды көрсеткіш байқалып жатыр.

«Атап айтқанда, машина жасау 21,1%-ға ұлғайды, оның ішінде автомобиль құрастыру – 26,4%, локомотивтер мен вагондар өндірісі – 54,9%, фармацевтика – 25,7%, құрылыс материалдары – 21,4%, киім – 19,3%, жиһаз – 18,2% және пластмасса өнімдері өндірісі – 17,3% ерекшеленді. Сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде 9,8% деңгейінде жақсы өсім байқалады», дейді Ә. Ерғалиев.