• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 10 Маусым, 2021

Тағы да жемқорлық: Енді Ақтөбедегі тергеу бөлімінің басшысы ұсталды

559 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында Полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық ПД тергеу бөлімінің басшысы, полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Алайда, кей деректер бойынша бұл көпшіліктің наразылығын тудырған жаңалық болды. Себебі, оны қалың жұртшылық құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар қызметкерлердің бірі деп отыр. Сондай-ақ осы күзде зейнетке шыққалы отырған жайы бар.

Облыстық ПД баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғанын растады. Бірақ оған қатысты толыққанды түсініктеме берген жоқ. Департамент бастығы әлеуметтік желіде: «...тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты бірқатар заң бұзушылық анықталды», деп қысқа ғана жазды.