• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Шымкентте жазғы мектептерде 121 мыңнан аса оқушы білім алып жүр

648 рет
көрсетілді

Жазғы мектептерде бастауыш сыныптары мен 6, 7, 8 және 9, 10 сынып оқушылары білім алып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.

Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырады. Жазғы мектепте оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына бар жағдай жасаған.

Айта кетейік, 26 мамырда басталған жазғы мектеп 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.